Босап кеткен мыңдаған қолтырауындарды аулауға армия жұмылдырылды
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында Лимпопо өзені аңғарындағы су тасқыны кезінде 15 мвыңға жуық қолтырауын оларды өсіретін мамандандырылған фермадан қашып кетті. Ел өкіметі оларды аулау үшін армия мен полицияны жұмылдырды, деп хабарлады Утро.ру сайты.
Rakwena Crocodile Farm иелері су тасқыны күшті болғандықтан, құрылыс бүліншілікке ұшырап, жануарлар суға кетуі мүмкін деп қауіптеніп, қолтырауын тұратын вольердің қақпасын ашып жіберген. Соның нәтижесінде 15 мың қолтырауын бостандыққа шықты.
Олардың шамамен жартысына жуығы ұсталды, қалғаны Лимпопо өзеніне жүзіп кетті, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың шаруашылықтарына тап болды. «Бұрын Лимпопо өзенінде бірнеше қолтырауын болатын, енді мұнда мүлдем көбейіп кетті», - деді ферма иесінің туысы Зейн Лангман.