Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Босфор бұғазында кеме қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрғақ жүк таситын кеме мен жағалау күзетінің кемесі соқтығысуы салдарынан Босфор бұғазы бойынша кеме қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Босфор бұғазында кеме қозғалысы тоқтатылды

Бұл туралы сәрсенбіде GAC операторы өз сайтында хабарлады.

 «Бүгін, 17 тамызда жергілікті уақыт 8.40-та құрғақ жүк таситын кеме мен жағалау күзетінің кемесі соқтығысуы салдарынан Босфор бұғазы бойынша қозғалыс  уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Жағалау күзетінің кемесі оқиға салдарынан аударылып кетті. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ, деп хабарлайды ТАСС.