2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Босфор бұғазында танкердің апатқа ұшырауынан кеме қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбұл аумағында Панама туы астындағы мұнай танкерінің апатқа ұшырауы салдарынан Босфор бұғазынан өтетін кеме қозғалысына тиым салынды.

Босфор бұғазында танкердің апатқа ұшырауынан кеме қозғалысы тоқтатылды

NTV хабарлағандай, кеме рулінің басқару тетігі істен шыққан.

Апат болған кезде танкер бұғаздың ортасында болған, сондықтан билік  танкерді алып шыққанға дейін екі бағыттағы қозғалысты тоқтатты.

Бұрын мәлім болғандай, Босфорда «Волгодон-203» ресейлік кемесі қайырлап қалған. Кейінірек оның экипажы эвакуацияланды.