Босқындар құрамасы 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Босқындар құрамасы 2016 жылы Бразилияда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы (ХОК) Томас Бах мәлімдеді.
- ХОК Риодадағы Олимпиадаға босқындар арасындағы спортшыларды шақыру мәселесін шешті.
Олар олимпиадалық қалашықта тұратын болады және өзге спортшылармен бірдей бәсекелерге қатысады. Осылайша біз әлем жұртшылығының назарын босқындар мәселесіне аударғымыз келеді,-деп түсіндірді Бах.
Сондай-ақ Грекияда тұтандырылған Олимпиада алауын Афиныдағы босқындар лагері арқылы алып өтеді. Оның үстіне алау ұстаушы осы лагерьде тұратындардың бірі болмақ, деп жазады lifenews.ru.
Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында өтеді.
Фото: Reuters/Ricardo Moraes