Босқындар тобындағы жанкешті әйел өзін-өзі жарып жіберді, 28 адам қаза тапты

МӘСКЕУ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – «Тамиль жолбарыстары» тобының мүшесі, жанкешті әйел Шри-Ланкада жарылғыш қондырғыны іске қосып, нәтижесінде 28 адам өлді және ондаған адам жарақат алды,

Босқындар тобындағы жанкешті әйел өзін-өзі жарып жіберді, 28 адам қаза тапты
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Әскери қолбасшылық өкілінің айтуынша, «жолбарыстар» басып алған аумақтағы босқындар тобында болған әйел өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан 20 жауынгер (оның ішінде үшеуі әйел адам) және 8 бейбіт тұрғын қаза болған. Сонымен қатар, 50 әскери қызметші және 40 босқын жарақат алған ? олар негізінен әйелдер мен балалар.