Босқындарды түсірген фотосуретші халықаралық жүлдеге ие болды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сергей Пономарев есімді ресейлік фотосуретші Istanbul Photo Awards 2016 жаңалықтар фотографиясы конкурсында осымен екінші жыл қатарынан журналистика саласындағы үлкен марапатқа - Пулитцеров сыйлығына ие болып келеді, деп хабарлады www.muslim.kz.
Наурыз айында Сергей Пономаревтың New York Times басылымына берген «Босқындар» фототоптамасы Istanbul Photo Awards конкурсының «Бір хабар» номинациясының жеңімпазы атанды.
Фотосуретші туындыларында Таяу Шығыс босқындарының Еуропаға, жарқын өмірге ұмтылыс сәттері көрсетілген. Суретші осы фотожұмыстары үшін де Пулитцеров марапатын алды.
Аанадолы агенттігінің Istanbul Photo тұңғыш конкурсының жеңімпазы 2015 жылы да Пулитцеров марапатына ие болған еді.
Ал австралиялық фотосуретші Дэниел Береулактың Либерияда Эбола індеті кезінде түсірген суреттері де журналистика саласында жоғары марапатқа лайық деп танылған.