Босния тұрғыны Меккеге қажылық сапарға 10 ай жаяу жүріп барды
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Босния тұрғыны қажылық борышын атқару үшін Меккеге дейін 5,5 мың шақырым жолды жаяу өтіп шыққан. Жолдағы уақыт - 10 айды құрады, деп хабарлады РБК.
Сауд Арабиясына жету үшін ер адам бүгінде қарулы қақтығыстан көз ашпай отырған Сирия аумағын басып өткен. Сирияға кіруге рұқсат визасын алу үшін 47 жасар Сенад Хаджич шекарада бір тәулік бойы күтіп тұрған.
Барлығы Сенад Хаджич жеті мемлекет аумағын: Босния, Сербия, Болгария, Түркия, Сирия, Иордания және Сауд Арабиясын басып өткен. Ол өткен жылдың желтоқсан айында үйінен шығып, талай қиындықтарды басынан кешірген. Хаджич өзімен бірге 200 еуро ақша алып шыққан. Негізінен мешіттерде, саябақта немесе көшеде түнеп келген.
«Егер мені Алланың қолдап отырғанына сенбеген болсам, Мекке түгілі Болгарияға да жетпес едім. Ақшасыз, 20 келілік сөмкемді арқалап, жеті ел, екі шөлейт, 5560 шақырымды артқа тастадым», - деді Хаджич.