Босния және Герцеговинада сайлау өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Босния және Герцеговинада сайлау өтіп жатыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

Босния және Герцеговинада сайлау өтіп жатыр

Елдегі атқарушы биліктің жоғарғы органдарына басшылар сайланып, олар босниялық мұсылмандардың, серб және хорваттардың мүдделерін қорғауға атсалыспақ. Сондай-ақ, осы науқан кезінде Серб Республикасының президенті мен вице-президенті сайланбақ.

Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, аталған додада 50 саяси партия, 24 коалиция мен 20 тәуелсіз үміткер бақ сынайды. Олар сайлау алдында бір ай бойы жүргізген үгіт-насихат жұмыстары кезінде бірін-бірі елдегі жемқорлық пен қылмыстың өршуіне айыпты деп кінәлаған.

Босния және Герцеговинадағы ұлтаралық шиеленістің кесірінен болған 90-жылдардағы соғыстың ауыр салдарынан ол осы кезге дейін Еуропадағы ең кедей елдің қатарында келеді.