Боснияда ел Үкіметінің отставкасын талап еткендердің қарасы қалыңдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Босниялық Тузледе наразылық акциясына қатысқандар жаппай тәртіпсіздік орнатып, жергілікті әкімшіліктің ғимаратын өртеп жіберді.

Боснияда ел Үкіметінің отставкасын талап еткендердің қарасы қалыңдады

Олар ел бойынша шенеуніктердің жалақысын орташа деңгейге дейін төмендетуді және жаңа Үкіметті қалыптастыруды талап етуде. Наразылық тобының пайымынша, Үкімет құрамында кәсіби саясаткерлер емес, керісінше кәсіби экономистер болуы шарт.

Қазіргі кезде Босния мен Герцеговина Үкіметі партиялық және этникалық шиеленістің салдарынан екіге бөлініп отыр.

Атап айтқанда, жұма күні Тузледегі жаппай наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты. Енді Үкіметке қарсы акция елдің өзге де қалаларында орын алып отыр.

Наразылыққа қатысушылар ел Үкіметін жемқорлық және жұмыссыздық проблемасын шешуге қауқарсыз деп айыптауда.

Олар полиция қызметкерлеріне тас және қолдарына іліккен заттарды лақтырды. Бұған жауап ретінде полиция қызметкерлері көзді жасаурататын газ, резеңке оқ және суатқыштар қолданды.