19:05, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Бостандық ауданының әкімі 90 жасқа толған Ұят Дәулетбекованы мерейтойымен құттықтады
АЛМАТЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласындағы Бостандық ауданының әкімі Зәуреш Аманжолова және ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің өкілдері Ұят Дәулетбекованы 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кейуана Алматы облысы, Нарынқол ауданында 45 жыл комбайншы болған. Бүкіл ғұмырын халқына еңбек етуге арнаған ана бірнеше ордендермен және медаьдармен марапатталған. Қарт ана бүгінгі таңда 7 бала тәрбиелеп, 14 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.