Бостандық мүсініне 125 жыл толу мерейтойы атап өтілуде
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарында жұма күні Американың символы болған Бостандық мүсінінің 125 жылдық мерейтойы аталып өтілуде, деп хабарлайды bnews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Бұл француз халқының Америкаға жасаған сыйы болған. Ал 30 тонналық мүсінді Нью-Йоркке алып келу үшін, оны 350 бөлшекке бөлуге тура келген.