Бостон марафоны жасырын камералар арқылы бақыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бостандағы жыл сайынғы дәстүрлі марафон қарсаңында бейне бақылау үшін 100-ден астам жасырын камера орнатылды. Бұл туралы осы қаланың мэрі хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бостон марафоны жасырын камералар арқылы бақыланады

Биыл бұл шара 21 сәуірге белгіленіп отыр. Спорттық шараның мәреге жақын бөлігінде полицейлер үшін 50 бақылау бекеті құрылмақ. Қауіпсіздікті құқық қорғау органдарының 3,5 мың қызметкері қамтамасыз етпек, албұл былтырға қарағанда екі есеге артық. Айта кетейік, бір жыл бұрын Бостондағы жыл сайынғы марафонда екі жарылыс болып, бұның салдарынан үш адам ажал құшқан еді, сондай-ақ 280-і жарақат алды. Жарылысты ұйымдастырды деп Тамерлан және Джохар Царнаев есімді ағайындылар айыпталып отыр. Тамерлан полицейлермен атыс кезінде қаза болды, ал Джохар ұсталып, қамауға алынды.