Бостон марафонындағы лаңкестік әрекет кезінде бір аяғынан айырылған спортшы одан тағы жүгіріп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Бостон марафонында жасалған лаңкестік әрекетінен кейін мүгедек болып қалған Ребекка Грегори биыл марафонға қайта оралып, бірнеше шақырым жүгіріп өтті, деп хабарлайды ABC News.

Бостон марафонындағы лаңкестік әрекет кезінде бір аяғынан айырылған спортшы одан тағы жүгіріп өтті

«Мен осыны өз-өзіме өткен жылдағыдай мүгедек арбасында отырмай, одан алдыңғы жылы асфальт төселген көшеде өмір мен өлімнің арасында жатпай, мәре сызығынан өзім өте алатынымды дәлелдеу үшін жасадым», - деді Грегори.

Дәрігерлер Бостон марафоны кезінде күрделі жарақаттар алған Ребекка Грегоридің аяғын кесуге мәжбүр болды. 2013 жылы болған жарылыстан кейін 16 адамның аяқ-қолдары кесілгені атап өтіледі.

Бұған дейін 119-шы Бостон марафонында Кения спортшысы Каролин Ротич пен эфиопиялық Лелиса Десиса жеңіске жеткені туралы хабарланған болатын.