Бостон жазғы Олимпиада-2024 өткізуге таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Олимпиадалық комитеті Бостонды 2024 жылы жазғы олимпиадалық ойындар өткізуге үміткер қала ретінде ресми мәлімдеді, деп хабарлады ВВС.

Бостон  жазғы Олимпиада-2024 өткізуге таласады

Бостонға Сан-Франциско, Лос-Анджелес және Вашингтон федеральдық округінің алдында артықшылық берілді.

Енді Бостонның өтінімі Халықаралық олимпиадалық комитетке беріледі, комитет 2017 жылы 33-ші жазғы олимпиада ойындарын өткізу орны туралы шешім қабылдайды.

Олимпиада-2024 өткізуге тағы да 12 ел қызығушылық танытып отыр.

АҚШ-та жазғы олимпиадалық ойындар төрт рет өтті, соңғысы 1996 жылы Атлантада болды.