17:16, 19 Сәуір 2013 | GMT +5
Бостонда көліктердің жұмысы тоқтатылды
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Массачусетс штатының билігі Бостондағы жарылыстарға қатысты күдіктіні іздестіру уақытында бірнеше аудандарда барша көлік пен мекеменің жұмысын тоқтата тұру шешімін жасады, деп хабарлайды ВВС.
Полиция өкілінің хабарлауынша, осы орайда Бостонның маңындағы Уотертаундағы 20 орамда іздестіру шаралары атқарылмақ.
Сонымен қатар жұмаға қараған түнде полиция қызметіне шабуыл жасалған Бостондағы ауданның тұрғындарына өздерінің үйлерінен шықпау туралы өтініш жасалды.
Бұдан бұрын полиция Бостондағы жарылыстарға қатысты деген күдіктілердің бірі өлтірілгенін, ал екіншісі Бостонның осы ауданында жасырынып жүргенін хабарлаған еді.