Бостондағы қазақстандық студенттердің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бостондағы жарылысқа қатысы бар деп айыпталған қазақстандық екі студент Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовтың ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды.
None
None

Қорғаушылар сот процесін АҚШ-тың өзге штатына ауыстыруды қалап отыр. Мұндай өтініш Бостонның федералды сотына жолданды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасының сайтында.

Адвокаттардың айтуынша, сот отырысы белгіленген Массачусетс штатындағы ақпарат құралдары Қадырбаев пен Тәжияқовты үнемі Джохар Царнаевпен байланыстырып отырған. Ал Царнаев теракті жасады деп айыпталғаны белгілі. Сол себепті алқа билері қос қазақстандыққа оң қабақ танытпауы ықтимал.

Тергеу нәтижесі көрсеткендей, Қадырбаев пен Тәжияқов Джохар Царнаевқа тиесілі пиротехника мен ноутбук салынған дорбаның көзін жойған. «Олар мұны Царнаевтың суретін жаңалықтардан көрген соң жасаған болуы мүмкін» деген болжам бар. Егер қазақстандық студенттердің кінәлі екендіктері дәлелденсе, олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал. Айта кетейік, бұл іске қатысты сот процесі 30 маусымда басталады.

Соңғы жаңалықтар