Бостондағы лаңкестікке әйелдің де қатысы болуы мүмкін

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Мамандар Бостондағы марафон кезінде жарылған бомбалардың бірінің жарқыншағынан әйелдің ДНК-сын тапты.
None
None

Бұл туралы Wall Street Journal жазып отыр. Бірақ әзірге оның кімге тиесілі екені белгісіз. Ағалы-інілі Царнаевтарға әйел адам көмектескендігін кесіп айтуға әлі ерте, деп хабарлайды Утро.ру.

Тергеушілер қолдан жасалған жарылғыш заттағы ДНК бойынша бірнеше болжамды қарастырып отыр. Генетикалық материал жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған материалдарды террористерге сатқан дүкеннің қызметкеріне тиесілі болуы ықтимал. Немесе бұл жарқыншаққа кездейсоқ түскен шаш болуы мүмкін.

Дүйсенбі күні ФБР агенттері Тамерлан Царнаевтың жесір жұбайы Кэтрин Рассел ата-анасымен бірге тұрып жатқан Род-Айленттегі үйге бас сұқты.

CBS News мәліметінше, жарылғыш заттың қалдықтарынан табылған ДНК-мен салыстыру үшін Расселден генетикалық материал алынды.

Еске сала кетейік, 15 сәуір күні Бостон марафонының мәре сызығында екі жарылыс орын алды. Оның салдарынан 180-нен астам адам жарақаттанып, үшеуі ажал құшты. Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдікті ағалы-інілі Тамерлан мен Джохар Царнаевтардың іздеріне шықты.

Соңғы жаңалықтар