Бостондық лаңкес Грузияда дайындалған болуы мүмкін

Бұл туралы РБК мәлімдеп отыр.
«Үкімет басшысының «Рустави2» телеарнасына берген сұхбатында «күдіктінің Бостонда лаңкестікті жасауының Грузияда оқуымен қандай да бір байланысы расында да болуы мүмкіндігін» атап өтті. Бұл ретте ол әлеуетті лаңкестерді тарту «шын мәнісінде» Күнгей Кавказ елдерінің аумағында жүргізілгеніне күмәнданады», - деп көрсетілген хабарламада.
Бұған дейін БАҚ-та Массачусетс технологиялық институтының кампусындағы қақтығыс кезінде қаза болған Т. Царнаев Грузияның арнайы қызметтері америкалықтармен бірлесе өткізген семинарларда дәріс алғаны айтылды. Солтүстік Кавказ тұрғындарын АҚШ-тың және Грузияның мүддесіне жұмыс істеуге тартумен «Кавказ қоры» ұйымы айналысқан-мыс.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондық марафонның мәре сызығындағы жарылыстар салдарынан үш адам тіл тартпай кетсе, 200-ден астамы жарақаттанды. Терактіні ұйымдастыруда Солтүстік Кавказ тұрғындары ағалы-інілі Царнаевтар күдіктелуде.