Бостонның бас имамы Тамерлан Царнаевты ислам дәстүрлері бойынша жерлеуден бас тартты

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бостонның бас имамы Талал Эйд жергілікті марафон кезінде лаңкестік жасады деп айыпталып отырған Тамерлан Царнаевты ислам дәстүрлері бойынша жерлеуден бас тартты. Туыстары оны жергілікті мешіттердің бірінде жерлеуге жиналды, бірақ Т.Эйд діни қауыммен кеңескеннен кейін ғана рәсімді өткізу туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Утро.ру Huffington Post-қа сілтеме жасап.
None
None

Бір күн бұрын дінбасы Царнаевты ислам дәстүрлері бойынша жерлемейтіндігін қадап айтқан болатын: "Бұл адам саналы түрде кінәсіз адамдарды өлтірген. Осы әрекетті жасау арқылы ол ислам жолынан тайып кетті", - деді Т. Эйд.

Лаңкестікке күдіктінің денесі туыстарына тапсырылды, деп хабарлайды NBC. Туыстарына рәсімді өткізуден бас тартқан мешіттің аты аталмады, бірақ Царнаевтың туысы Патимат Царнаева бауырларының «онда барғанын» атап өтті. Т.Царнаевтың денесін Дағыстанға жеткізуі мүмкін екендігі туралы мәселе әлі талқылануда.

Daily Mail-дің жазуынша, егер анасы Зубейдат Царнаева АҚШ-қа келетін болса, оны қамауға алуы мүмкін. Өткен жылдың қазан айында оған Lord& Taylor дүкенінен 1,6 мың $ сомасына киім ұрлағаны үшін айып тағылған. Іс бойынша тыңдау 25 қазанға белгіленген, алайда, Царнаева сотқа келмегендіктен, оны қамауға алу қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ, Джохар Царнаевты ұстаудың және одан сұрақ-жауап алудың жаңа жай-жапсары белгілі болды. Федералдық тергеу бюросы агенттерімен әңгімесінде ол лаңкестік әрекетті жасағаннан кейін ағасымен бірге Нью-Йоркке сауық кешіне бармақ болғанын өзі хабарлады. Сонымен қатар, полиция деректеріне сүйенген Associated Press мәліметтері бойынша, Джохар Царнаевты ұстаған кезде ол қарусыз болған. Агенттік, сондай-ақ, Бостонда жарылған бомбалар радиомен басқарылғандығын анықтады. Оларды ұялы телефон көмегімен іске келтірген. Тамерлан және Джохар Царнаевтарға 15 сәуірде Бостон марафонының мәресінде лаңкестік әрекетті жасады деп айып тағылып отыр. Лаңкестік салдарынан 180-нен астам адам жарақат алып, үш адам қаза болған еді. Сұрақ-жауап кезінде кіші Царнаев лаңкестік әрекетті ағасымен бірге "Иракта және Ауғанстандаболған соғыс үшін кек алу" ретінде жасағанын мойындады.

Соңғы жаңалықтар