«Бота» қорының Білім беру гранты бағдарламасы аясында 237 бала студент атанды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «Бота» Қоғамдық қоры Білім беру гранттары бағдарламасы аясында 237 білім грантын бөлді. Бұл жайында бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында Қор басшылары мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш Қордың атқарушы директоры Кристофер Каваноның айтуынша, бөлінген қаражат студенттің еліміздегі кез-келген университеті мен колледжіне құжат тапсыруына мүмкіндік беріп, оқуға жұмсалатын шығындарын толығымен төлеуге жеткілікті. «Біздің Қор денсаулық, білім беру және әлеуметтік қорғауға, кедейшіліктен зардап шегіп отырған балалар мен жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында миллиондаған доллар инвестициялауда», дейді Қордың атқарушы директоры.

Сондай-ақ Қор қаржылай көмек көрсету үшін «әлеуметтік қызметтерді қолдау», «Ана мен бала» бағдарламалары бойынша да жұмыс істеп жатыр.

«Бота» қорының Білім беру гранттары бағдарламасы жөніндегі өкілі Айгүл Тыныштықбаева 2010-2011 оқу жылына арналған Білім беру гранттары бағдарламасының конкурсы ағымдағы жылдың ақпан айынан 9-шы сәуірге дейін жалғасқанын және еліміздің бүкіл облыстарынан 2400-ден аса өтініш түскендігін айтады. «Біздің конкурстан өтіп, студент атанғандардың 209-ы өздері таңдаған мамандықтары бойынша университетке, ал 28-і колледжге тапсырды. Олардың 49,4 пайызы ауылдық жердің балалары болса, 51,6-уы қала тұрғындары», дейді А.Тыныштықбаева.

А.Тыныштықбаева бұл материалдық жағынан тапшылық көріп, балаларының оқуларын төлей алмай отырған жанұялардың балалары, көбісі жетім балалар екендігін айтып өтті.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының көп балалы отбасынан шыққан Марал Сыздықова өзінің сынып жетекшісінің нұсқауы бойынша аталмыш Қордың конкурсына қатысып, одан сәтті өткендігін айтады. «Алғашқы конкурс бойынша құжаттарымды тапсырдым, одан өткен соң әңгімелесу белесі арқылы байқаудан өттім. Қазір Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жатырмын», дейді студент.

Соңғы жаңалықтар