Ботақарадан Қарқаралы қаласына баратын жол ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ботақара кенті мен Қарқаралы арасын жалғайтын жол қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ботақарадан Қарқаралы қаласына баратын жол ашылды

Кеше сағат 22.00-ден бастап Қарағанды өңірінде ауа райы күрт нашарлады.

Осыған байланысты «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» күре жолының Ботақара кентінен Қарқаралы қаласына дейінгі учаскесінде (66-217 шақырым аралығы) автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолшы мамандар көктайғақты жою мақсатында жұмыс жүргізді.

Бүгін таңғы 8.00 кезінде аталмыш жолы ашылып, қозғалыс қайта жанданды.

Күре жолдағы ахуал «ҚазАвтоЖол» Қарағанды облыстық филиалының жіті бақылауында.