02:05, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Ботсвана паркінде туристер арыстандардан аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ботсвана паркінде лагерде жатқан туристерді арыстандар шошытып оятты, деп жазады tvzvezda.ru.

Демалушылардың айтуынша, жыртықш аңдар олар ұйықтап жатқан шатырға келіп, жаңбырдан кейін жиналған суды жалай бастаған.
Туристер қорыққанынан дыбыс шығармастан тыныш отырып, арыстандар кеткен соң түсірген видеоларын әлеуметтік желіде жариялады. Оны 1 күн ішінде жарты миллион адам көріп үлгерді.