11:34, 27 Мамыр 2016 | GMT +5
Боттичеллидің екі картинасы аукционда 1,5 млн долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сандро Боттичеллидің «Періштенің басы» жұмысы Нью-Йорктегі на Sothebyʼs аукционында $1,09 млн. сатылды.

Шебердің «Христостың шоқынуы» атты жұмысы $466 мыңға сатылды, деп хабарлады ТАСС. Сурет соңғы жарты ғасырда жеке коллекцияда сақталған, өнертанушыларға ол ескі фотолардан ғана белгілі.
Тағы бір қызықты лоттардың бірі 1380 жылы Христофоро ди Бендоччио мен Мео ди Перо салған «Сәбиі бар Мадонна» картинасы болды.
Жалпы көне шеберлердің жұмыстарын сатудан түскен пайда $4,8 млн. құрады.