Боттичеллидің суреті Лондондағы бәссаудада 2,25 млн еуроға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық суретші Сандро Боттичеллидің (1445-1510) аса сирек шығармаларының бірі 10 шілде күні Британия астанасында 1,314 млн еуроға сатылды, деп хабарлады Sotheby's бәссауда үйі.
Бұл Боттичеллидің қағазға салынған шығармасы үшін ең жоғары баға.
Сурет 1480 жылдары салынған. Осы күнге дейін Боттичеллидің тек 12 суреті ғана сақталған. Солардың ішінде жеке адамның қолында қалғаны тек «Отырған әулие Иосиф» шығармасы. Қалғандары - мұражайда.