Боуи мұрағатынан бұрын жарық көрмеген альбом табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат Британиялық музыкант, марқұм Дэвид Боуидің өкілдері жылдың соңына дейін "The Gouster" деп аталатын әртістің бұрын шығарылмаған альбомы жарық көретіндігін жариялады.
Пластинка 1970-ші жылдардың басында жазылған. Мұндағы материалдың бір бөлігі Боуидің "Young Americans" (1975) альбомына негіз болды, деп хабарланды музыканттың "Фейсбуктегі" ресми парақшасында.
"The Gouster" жеті композиция: "John, I'm Only Dancing (Again)","Somebody Up There Likes Me", "It's Gonna Be Me", "Who Can I Be Now?", "Can You Hear Me", "Young Americans", "Right" енді.
Пластинка " David Bowie - Who Can I Be Now? (1974 - 1976)" сыйлық бокс-сетінің құрамында болады.
Дэвид Боуи 11 қаңтарда 70 жасында өмірден озды. Музыканттың туыстары оның бір жарым жыл қауіпті ісік дертіне шалдыққанын мәлім етті, деп жазды vesti.ru.