Boxam Elite-2024: 7 боксшы қызымыз жарысты финалдық кезеңде бастайды

АСТАНА. KAZINFORM – Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite-2024 халықаралық турнирі басталды. Алайда, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы шаршы алаңға шықпай жатып, бірден 7 медальға қол жеткізді.

бокс
Фото: pixabay.com

Аталған додада жеребе бойынша кейбір боксшыларымыз жарысты бірден финалдан бастайтын болса, кейбір боксшыларымыз жартылай финалдан бастап бірден шаршы алаңға шықпақ.

Атап айтсақ, Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) өнерлерін жартылай финалдан бастайды. Демек, бұл боксшылар жарысты бастамай жатып, қола медальға қол жеткізіп тұрғаны анық.

Ал Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) жекпе-жекті бірден финалдан бастайды. Бұл боксшыларымыздың қолында қазірдің өзінде турнирдің күміс жүлдесі тұр.

Қазақстан құрамасының жекпе-жек кестесі:
48 кг. 1/2 финал: Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Клара Кортес Фернандес (Испания) / Глория Д'Альмейда (Франция);
50 кг. 1/4 финал: Назым Қызайбай (Қазақстан) - Рита Соарес (Португалия);
52 кг. 1/2 финал: Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Ираче Валс дель Валле (Испания);
54 кг. 1/4 финал: Анель Сақыш (Қазақстан) - Николь Клайд (Ирландия);
57 кг. 1/4 финал: Карина Ибрагимова (Қазақстан) - Дженнифер Фернандес Ромеро (Испания);
60 кг. 1/8 финал: Айдана Забынбекова (Қазақстан) - Риза Пасуит (Филиппин);
63 кг. Финал: Аида Әбікеева (Қазақстан) - Сача Хайки (Англия);
70 кг. 1/2 финал: Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Лаора Капицци (Бельгия-1);
75 кг. 1/2 финал: Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Аид Джордж (Тринидад және Тобаго);
81 кг. Финал: Фариза Шолтай (Қазақстан) - Эмбер Мосс-Берч (Англия);
+81 кг. Финал: Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Сайра Гарсиа Гарай (Испания).