20:17, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Боярский, Панин мен Петренко жаңа «Шерлок Холмста» ойнайды
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Режиссер Андрей Кавун «Шерлок Холмстың» жаңа 16 сериялы нұсқасын түсіруде. Онда басты рөлдерді Игорь Петренко (Холмс), Андрей Панин (Ватсон) мен Михаил Боярский (Лестрейд) сомдайды.

Жаңа Холмста «сегіз бір-бірінен бөлек екі сериялы оқиғалар фильмнің сегізінші бөлімде романның сегіз тарауы сынды бір оқиғаға біріктіріледі», деп хабарлайды FirstNews.
Түсірілім жұмыстары Петерборда басталып кетті. Ол, Андрей Кавунның мәлімдеуінше, «оптимистік көзқараспен қарағанда сәуір айының орта тұсында аяқталады.
«Түсірілім - бар жұмыстың тек 30 пайызы ғана. Онда жұмыс көлемі өте көп: компьютерлік графика, қызықты әрі күрделі монтаж, музыкасы да осал болмауы керек», - деп ескерді режиссер. Сондықтан, автордың болжауынша, сериал толығымен «2012 жылы қысқа қарай» дайын болады.