«Бойдақ» телехикаясы қазан айынан бастап көрерменге жол тартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер, клипмейкер, сценарист, продюсер Асқар Ұзабаевтың «Бойдақ» атты көп бөлімді фильмі қазан айында көрермендер назарына ұсынылмақ.
Фильм сюжетінде Қадырбек есімді 43 жастағы бойдақ туралы баяндалады. Ол сәтсіз махаббатынан кейін, қалған өмірін жұмысына арнағысы келеді. Бір күні оны лауазымынан алып тастайды. Оның да себебі отбасын құрмағандығы болады. Қызметіндегі беделінен айырылмау үшін ол тез арада үйленіп, отбасылы болуы керек.
10 бөлімнен тұратын «Бойдақ» сериалы биыл қазан айынан бастап, «Хабар» арнасында көрсетілмек, деп хабарлайды kinostan.kz.