Бойдақтар күнінде «Алибаба» платформасындағы сауда айналымы 25 млрд доллардан асып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 11 қараша күні 24:00 болғанда «Алибаба» интернет сауда алаңында Бойдақтар күніне арналған жаһандық сауда-саттық тоқтатылды. Электронды коммерция гигантындағы сауда айналымы 168 млрд 269 млн юаньды (25,38 млрд доллар) құрады. Бұл жайлы Синьхуа хабарлайды.

Бойдақтар күнінде «Алибаба» платформасындағы сауда айналымы 25 млрд доллардан асып кетті

Бұл - бөлшек сауда саласындағы әлем рекорды болды. Ұялы телефондар арқылы жасалған сауда көлемі 90%-ті құрады. «Алипэй» (Alipay) арқылы төленген төлемдер мөлшері былтырғыға қарағанда 41%-ке өсіп, 1,48 млрд-қа жетті.

Тауарларды жеткізіп беруге рәсімделген тапсырыстардың саны 812 млн (+23%) болды. Биылғы жаппай саудаға әлемнің 206 елінің 140 мыңнан астам бренді қатысты. Олар 15 млн-нан астам тауарды саудаға шығарған. 24 сағаттық онлайн саудаға әлемнің 225 елінен интернет пайдаланушылар қатысты.