Бойы ұзын ұрыны түрмеден босатуға тура келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Эксетер қаласында ұрлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды 75 тәулікке бас бостандығынан айырса да, оны бойының тым ұзын болғандығы үшін түрмеден босатуға тура келді.

Бойы ұзын ұрыны түрмеден босатуға тура келді

23 жастағы Джад Медкалф Клайнфельтер синдромымен ауыратын көрінеді. Қазіргі кезде Джадтың бойы 215 см болып отыр, сондықтан да оған түрме ішінде арнайы киім мен кереует табылмады. Нәтижесінде Эксетер Корольдік соты ұрыны түрмеден босату туралы шешімге келген, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Жас жігіт компания кеңселерінің бірінен 30 фунт стерлинг көлемінде тұратын рождестволық сыйлықтарды ұрлады деп айыпталып отыр.