Бойжеткен пойызда оны ҰҚК-нің қызметкері зорламақ болғанын айтты

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 29 ақпан күні сағат 18.00-де Астана стансысындағы Желілік ішкі істер басқармасына 18 жастағы елордалық бойжеткен шағымданып, оны 29 ақпанда, түнгі сағат он екі жарым шамасында «Астана-Алматы» бағытындағы №10-жолаушылар пойызы Қарағанды стансысына жетер кезде, ішімдікке масайған белгісіз ер адам зорламақ болғанын айтты.
None
None

Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Пойыз Алматы-1 стансысына келгенде Желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлері Астана қаласының 34 жастағы тұрғынын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде майор дәрежесінде оперативтік кезекші болып жұмыс істейтін азаматты ұстады. Материал Алматы қаласының Әскери-тергеу басқармасына жөнелтілді.

Соңғы жаңалықтар