Бойжеткенді зорлықшылардан құтқарып қалған қостанайлық заң алдында жауап береді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай полициясы күдіктіні ұстау кезінде қару қолданған күзет қызметкеріне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бойжеткенді зорлықшылардан құтқарып қалған қостанайлық заң алдында жауап береді

Оқиға 23 маусым күні Қостанай қаласындағы Амангелді көшесінің бойында болған. №15 балабақшаның күзетшісі пульттік күзетті көмекке шақыру үшін дабыл пернесін басқан. Оқиға орнына жеткен пульттік күзет қызметкерлері 3 жігіттің бойжеткенді зорлық көрсетіп жатқанын көрген. Мұнан соң қылмыскерлер жан-жаққа қаша бастаған. Қылмыскерлердің біреуін тоқтатпақ болған пульттік күзет қызметкері оқ атқан.

«Қару қолданылған кез келген жағдайдың заңдылығына тексеру жүргізіледі. Оқ атқан күзет қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 252 бабы, 2 бөлігі бойынша (Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы) іс қозғалды. Бірақ, осы оқиғаға байланысты жан-жақты тексеру шаралары жүргізіліп, шешім шығады. Заң осылай», - деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар тексеру жұмыстарын прокуратура қадағалайды.