Божко әлеуметтік қызметтерді ерте жастағы жүктілік мәселесіне ерекше мән беруге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко қыздардың ерте жастағы жүктілігі мәселесі алаңдататынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Божко әлеуметтік қызметтерді ерте жастағы жүктілік мәселесіне ерекше мән беруге шақырды

«2013-2016 жылдарда елімізде 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында жүкті болып қалудың жыл сайын 4,5-5,5 оқиғасы тіркелуде. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының желісі бойынша Қылмыстық кодекстің 120, 121, 122, 123,124, 125-баптарындағы сексуалды озбырлыққа қатысты, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада тек қана 12 қылмыстық іс қозғалды. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер үшін тым жас қыздар арасындағы ерте жүктілік қауіп дабылы болып табылмайтындығын байқатуы мүмкін»,-деп тоқталды Божко Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сонымен қатар ол заңнаманы жетілдіру мен жауапкершілікті қатаңдатуға қарамастан отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері баршылық екенін атап өтті. Осы орайда В. Божко тұрмыстық зомбылыққа қарсы іс-қимылда ведомствоаралық өзара әрекеттерді нығайту қажеттігін, отбасы институтын күшейту мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау шараларына ерекше мән беру керектігін атап өтті.