Божко Бас прокуратурадан бизнесмендермен өрт инспекторларының кездесулерін тексеруге жатқызбауды сұрады
Оның сөзіне қарағанда, облыстар бойынша ТЖД басшыларына тілсіз жаудың алдын алу бойынша кәсіпкерлермен әдістемелік жұмыстарды күшейту тапсырылды. Осы орайда бизнесмендерге қауіпсіздік ережелері бойынша кітапшалар таратылып, «дөңгелек үстелдерді» өткізу ескерілген. «Осы орайда Бас прокуратура аппаратын осындай түсіндіру кездесулерін тексеруге жатқызбау туралы біздің ұсынысымызды қолдауды сұраймын. Атап айтқанда, нысанмен танысқаннан кейін бинесмендерге ешбір санкциялар мен шектеулерсіз қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасалады», -деді В. Божко Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа қаратып айтқан сөзінде. Бұл тұрғыда министр осы жұмыстар өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша өзінің мүлкін қорғау арқылы ең қатал өрт инспекторы меншік иесі болуы тиіс екенін кәсіпкерлердің түсінуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.