Бозымбаев 4-мұнай зауытына қатысты шешім қашан қабылданатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-ші мұнай зауытының құрылысына қатысты нақты шешім 2018 жылдың екінші жартысында қабылданады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бозымбаев 4-мұнай зауытына қатысты шешім қашан қабылданатынын айтты

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 4 мұнай өңдеу  зауытының құрылысына қатысты мәселе пысықталып жатыр. Жүргізілген сараптама тұтынудың болжамды өсімін ескергенде автомобиль бензиніне тапшылық 2021-2023 жылдары аралығында, дизель отынына 2023 жылы және авиакеросинге 2026 жылдан кейін қалыптасатындығын көрсетіп отыр», - деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігінің басшылығымен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2018 жылдың екінші жартыжылдығында 4-ші мұнай өңдеу зауытының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейтін болады.

«Еінші жартыжылдықта құрылыстың  жүргізілу мүмкіндігі, орналасатын орны және зауыттың қуаты туралы нақты шешім қабылданады», - деді министр.