Бозымбаев «Газпром» басшысымен Қазақстандағы газ желісін тарту жобаларын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейдің «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Кездесуде Астананы газдандыру жобасының іске асыруға қолайлы болатын бағыттары талқыланды. Талқылау барысында бірлескен жұмыс тобын құру шешімі қабылданды, жұмыс тобына қысқа мерзімде Астананы және Орталық Қазақстанды газдандыру үшін Ресейден Қазақстанға тартылатын транзиттік магистральді газ құбырын салуға мүмкіндік беретін бағыттарды әзірлеу тапсырылды», - делінген хабарламада.

Осы орайда, транзиттік магистральді газ құбырын салу жобасын сәтті іске асыру газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға мүмкіндік беретіндігін атап өту маңызды.

Сондай-ақ тараптар Каспий теңізіндегі және шекаралас кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ағымдағы жағдайды талқылады.

Жалпы айтқанда тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастық қанағаттанарлық екендігін атап өтті.

Қ. Бозымбаев қазақстандық тараптың бірлескен жобалардағы ұзақмерзімді әріптестік қатынастарды нығайту және кеңейтуді қолдайтындығын атап өтті, сондай-ақ газ саласындағы екі елдің ынтымақтастық потенциалын бұдан әрі тиімдірек дамытуға ниеттілігін білдірді.  

Еске сала кетсек, 2016 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Мемлекет басшылары 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар