Бозымбаев Қазақстанда жыл басынан бері утилизацияға қанша көлік тапсырылғанын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстанда 26 мың ескі көлік тапсырылып, олардың басым бөлігі Қарағандыдағы көліктерді утилизациялау зауытына жөнелтілген.

Бозымбаев Қазақстанда жыл басынан бері утилизацияға қанша көлік тапсырылғанын атады

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бойынша азаматтық сектордың өкілдерімен өткен кездесуде мәлім етті.

«Қазіргі уақытта ел ішінде ескі көліктерді өткізуге ынталандыру бағдарламасына көпшілік маңыз беріп келеді. Ескі көліктерді өткізу процесі басталғалы бері 4,7 млрд теңгенің 32 мың автокөлігі қабылданған. Нақтырақ айтқанда, ескі көліктердің 5665 мыңы (846,138 млн теңге) былтырғы жылы тапсырылған еді. 2017 жылы құны 5,1 млрд теңгелік 34 мың ескі көлікті сатып алу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейінгі көрсеткішті саралай отырып, жыл басынан бері құны 3,9 млрд теңгенің 26 мың ескі көлігі өткізілгенін анықтап отырмыз», - дейді Энергетика министрі.

Оның айтуынша, ескі автокөліктерді өткізіп, ол үшін ақша алу үрдісі ел ішінде оң бағасын алған. Сонымен қатар, аталған бағдарлама отандық автокөліктердің жаңартылуына да септігін тигізіп жатыр.

«Жиналған ескі автокөліктер Қарағандыға жөнелтіліп, ары қарай утилизацияға кетеді. Қарағандыда автокөліктерді утилизациялау бойынша зауыттың 1-ші бөлігі жұмыс істеп тұр. Зауыттың екінші бөлігін осы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарымызда бар. Демек, ол жылына 50 мың автокөлікті утилизацияға жібере алады», - дейді Қанат Бозымбаев.