Бозымбаев көмір өндіру көлемінің қысқару себептерін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда көмір өндіру көлемінің қысқару себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бозымбаев көмір өндіру көлемінің қысқару себептерін түсіндірді

«Біріншісі, РФ үкіметінің 2014 жылғы 21 маусымдағы бұйрығына қатысты яғни, 2030 жылға дейін Ресей көмір өнеркәсібін дамытудың бағдарламасын қабылдады. Онда РФ электр стансаларында Екібастұз көмірінің орнына Кузнецк көмірін тұтыну қарастырылған. Сонымен қатар, ресейлік жылу электр орталықтарының бір бөлігі табиғи газды жағуға ауыстырылды. Жүзеге асырылған жобалар кузнецктік көмірді жағуға көшті»,-деді Бозымбаев.

Мұнымен қоса, Қазақстандағы және Ресейдегі энергия өндіретін кәсіпорындар көмірді тұтыну деңгейі төмендеген екен.

Сондай-ақ өзендердегі су деңгейінің жоғары болуына байланысты болып отыр. Осы орайда, су электр стансаларында энергия 25 пайызға артты.

Атап айтқанда, Қазақстандағы секілді көмір өндіру көлемінің қысқаруы үрдісі өзге елдерде де байқалуда. Бұған «жасыл» экономикаға көшу бойынша әлемдік үдеріс ықпал етуде.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметін бойынша, 2016 жылы 98 млн. тонна көмір өндірілген, бұл жоспардың 96 пайызы. Өткен жылы ішкі нарыққа 71,8 млн. тонна жеткізілсе, экспортқа 26,2 млн.тонна шығарылды.  Ал 2017 жылғы жоспарға 100 млн. тонна қамтылып отыр.