Бозымбаев жарық үшін ақша төлемей жатқан борышкерлерді атады

"Ең көп қарызы барлардың ішінде МАЭК-Қазатомөнеркәсіп - 5,3 млрд. теңге, "Энергоорталық Шымкент" кәсіпорны - 1,5 млрд. теңге, Алматы жылукоммунэнерго - 839 млн. теңге, Жайық жылуэнерго - 680 млн. теңге және Қызылорда жылуэнерго - 614 млн. теңге", - деді Қ.Бозымбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, "Богатырь көмір" компаниясы алдындағы энергия өндірушілердің қарызы да бір миллиардқа жуықтайды. Көмір үшін борышкер болып отырғандардың үштігіне Екібастұздың ЖЭС-2, Павлодарэнерго мен Астанаэнерго енді.
"Алдағы уақытта отынды жеткізу жағынан қиындықтар туындамас үшін Маңғыстау, Оңтүстік Қазақтан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері өз қарыздарын өтеуі тиіс", - деп атап көрсетті министр.