19:42, 02 Ақпан 2025 | GMT +5
Бір күнде үш көлік жанып кетті: ТЖМ ел тұрғындарына ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM - Соңғы уақытта автомобильдердің өртенуі жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін күндіз Жетісу облысында 1, ал елордада 2 жеңіл автокөлік жанған. Өрттер сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

- Көбінесе тез тұтанатын материалдардан тұратын автокөлік 4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Бұл ретте әсіресе көліктің бинзин құятын багы мен газ баллонының жарылу қаупі өте жоғары. Сол себепті көлік өртенгенде одан 10-15 метр қашықтықты ұстаған жөн, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Атырауда қаңтар басталғалы 7 көлік өртеніп кеткені туралы жаздық.
