Бір миллион британдық бала кедейлікке тап болды

Ұлыбританияда кедейлік деңгейінің өсуі байқалады. Өткен жылы Ұлыбританияның 3,8 миллион тұрғыны, оның ішінде бір миллион бала жоқшылыққа тап болған, деп хабарлайды Kazinform.

Британия
Фото: pixabay.com

Joseph Rowntree Foundation үкіметтік емес ұйымының зерттеуі Ұлыбританияда соңғы үш жылдағы кедейлік деңгейі 61% өскенін көрсетеді. Ал мұқтаж балалардың саны 2017 жылдан бері үш есе өскен.

Кедейлік негізгі физикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмау ретінде анықталады. Бұл азық-түліктің жетіспеушілігі, тұрғын үйдің болмауы, киім-кешек және адамның қалыпты өмір сүруі үшін қажет басқа да заттар жоқтығы.

Сонымен қатар коммуналдық төлемдерді уақтылы төлемеу және тұтынушылық несие төлемдерін кешіктіру сауалнамаға қатысқандардың көпшілігіне тән болды. Ал азық-түлік банктерін пайдаланатын адамдардың үлесі 2019 жылғы 22% 2022 жылы 35% дейін өскен.
Жоқшылық кедейлікте өмір сүретін адамдардың жағдайын нашарлатып, қиындай түседі. Оның ішінде қарыздардың өсуі, азық-түлік банктеріне тәуелділік, тұрғын үйдің жоқтығы және азық-түлік тапшылығы жағдайды одан әрі қиындата түседі.

Зерттеу авторлары Ұлыбританияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі кедейліктің алдын ала алмайды, өйткені әлеуметтік төлемдердің базалық ставкасы өте төмен, сондықтан ол елдегі кедейлік шегін еңсере алмайды.

Сондықтан, бүгінде әлеуметтік қолдауға құқығы жоқ иммигранттармен шектелген кедейлікке негізінен әлеуметтік жәрдемақы алатын Ұлыбритания азаматтары мен отбасылар тап болуда.