Бір жылда 100-ден астам орыс шахматшысы азаматтығын ауыстырған

шахмат
Фото: Pixabay

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталғаннан бергі екі жыл ішінде 192 ресейлік шахматшы спорттық азаматтығын өзгерткен. Kazinform бұл туралы Deusche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мәлімет Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) статистикалық дерегінде көрсетілген. 

Әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігі ішінен Ресей құрамасынан Санар Сюгиров (40-шы орын), Алексей Сарана (41), Владимир Федосеев (45), Никита Витюгов (50), Александр Предке (64), Кирилл Алексеенко (89) және Александра Костенюк (әйелдер рейтиңінің 11-ші орны) кетті.

Ал Ресей командасының құрамына бес спортшы келген, олар: Украина командасынан Юрий Айрапетян мен Виктор Филонов, аустралиялық Давид Буката, әзербайжандық Канан Гейдарли және қазақстандық Надежда Искичекова.

Ресей мен Украина қақтығысы басталып, спортшыларға қойылған санкция салдарынан 192 шахматшы спорттық азаматтығын өзгертті.

2022 жылы олардың саны 88 адам болатын.

РФ құрамасы ФИДЕ туы астында бейтарап дәрежеде халықаралық турнирлерге қатысып жүр.

Sports.ru жазуынша, халықаралық шахматта спорттық азаматтық ауыстырудың жеңілдетілген түрі бар.

Ойыншыға жаңа елдің азаматтығын алудың қажеті жоқ, сол елде тұрақты тұрып жатса федерацияға команда ауыстырғысы келетінін айту жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар
telegram