Бір жылда азық-түлік 6,3% қымбаттаған

тауар
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық статбюро 2024 жылғы сәуірдегі инфляция деңгейі жайлы ақпарат ұсынды. 

2024 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының айлық мәні баяулап, 0,6% құрады

ТБИ құрылымындағы өсім:

ақылы қызметтер – 0,7%
азық-түлік тауарлары – 0,3%
азық-түлік емес тауарлар – 0,7%

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Жетісу облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі Абай, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркелді – 0,3%. 

Жылдық мәнде сәуір айының инфляциясы 8,7% болды.

ТБИ құрылымында бағаның көтерілуі:

ақылы қызметтер – 13,5%
азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,6%
азық-түлік тауарлары – 6,3% 

Соңғы жаңалықтар
telegram