Браконьер арабтар Жамбыл облысынан қырғауылдар әкетпек болған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мойынқұмда браконьерлікпен ұсталып қамалған арабтар прокуратура тарапынан босатылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Браконьер арабтар Жамбыл облысынан қырғауылдар әкетпек болған

Еске сала кетсек, Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Бетпақдала құмды жерінде аудандық ІІБ және прокуратураның табиғат қорғау қызметкерлері рейд барысында «Ниссан Патрол» көлігіндегі екі А. және Ф. 40 жастағы Сауд Арабиясының азаматтарын ұстады. Олардан бір ұңғылы мылтық және 70 оқ, атып алынған 6 қарабауыр бұлдырық және бір дуадақ табылды. Аталған құстың барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 

«Жауап алу барысында күдіктілер өздері қырғауылдарды аулау үшін келгенін оны еліндегі құстармен будандастырмақ ойлары болғанын жеткізді. Алайда қарабауыр бұлдырық пен дуадақты көріп атып алған», - деп атап өтті Жамбыл облыстық ІІД баспасөқз қызметі.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Екі күдікті Қазақстан Республикасының ҚІК-нің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау абақтысына қамалуға алынып, жауап алынғаннан кейін прокуратура тарапынан босатылды. Сот алды тергеуі жүргізілуде.