«Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 6 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды - Астана қаласы ІІД

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері елордада табиғатты қорғау заңнамасының бұзылғандығы туралы 7 дерек тіркеліп,

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 6 заң бұзушы  әкімшілік жауапкершілікке тартылды - Астана қаласы  ІІД

6 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Ағымдағы жылғы қазанның 23-інде шамамен сағат 11-лерде, Күйгенжар ауылының тұсында Есіл өзеніне рұқсат қағазынсыз ау салған сол елді мекеннің еш жерде жұмыс істемейтін 1971 жылы дүниеге келген азаматы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 298-1 бабын бұзғаны үшін ұсталды. Балық аулайтын құрал тәркіленді. Ұсталған азаматқа 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы күні Қорғалжын тас жолы бойында 40 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Тойота-Руннер» автомобилі тоқтатылып, көліктен ИЖ12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сондай-ақ көлікті тінту барысында рұқсат қағазынсыз атып алынған 7 үйрек табылды. Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның 23-31-і аралығында Астана аумағында «Браконьер» республикалық жедел алдын алу шарасы өтуде.