Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Братиславадағы саммитте Еуропалық одақты реформалау жолдары талқыланады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО мемлекет және үкімет басшыларының бейресми саммитінде Еуропалық одақты реформалау тақырыбы талқыланады. Бұл туралы Еурокеңес басшысы Дональд Туск өзінің хатында жазды. Ол құрлықтың 27 лидерін жұма күні Братиславада болатын шараға шақырды.

Братиславадағы саммитте Еуропалық одақты  реформалау жолдары талқыланады

«Еуропалық институттарға жаңа өкілеттіліктерді беру оң нәтиже бермегенін көрсетеді. Ұлттық сайлаушылар Одақ шешіміне көбірек әсер етуді қалайды», - деп жазды Туск.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда ЕО зұлымдық ретінде қарастырылып, «Брюссель билігін бәсеңдету» ұраны сайлау науқанында жағымды болып отыр.  Осыған байланысты Еуроодақ өкілеттіліктерінің бір бөлігін мүше елдерге тапсыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Бұдан бөлек, Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы туралы сөз қозғалады.

«Братиславадағы кездесу тарихи кезеңде болады.  Еуропаның 27 лидері одаққа мүше елдердің бірінің ЕО-дан шығу туралы шешімінен кейінгі одақтың болашағын талқылайды», - деп атап өтті Туск.

Оның сөзіне қарағанда, қазір бірнеше айдан кейін өзінің 60 жылдығын атап өтетін ЕО «қоғамдастық маңызын қуаттауды қажет етеді».

«Біріккен корольдіктегі референдумның теріс нәтижесін британиялық ерекшелік деп санау дұрыс емес», - деді Еурокеңес басшысы.