Бравада шағын футболдан студенттер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Португалияның Брава қаласында   шағын футболдан студенттер арасындағы ХІІІ Әлем чемпионатында қазақстандық топтық кезеңде үшінші орын алды.

Бравада шағын футболдан студенттер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр

18 тамызда басталған бұл дүбірлі додада олар омандықтарды 7:2 есебімен ұтып, испандықтарға  2:6, бразилиялықтарға 2:1 есебімен  есе жіберді. 2010 жылғы ХІІ Әлем чемпионатының жеңімпазы бұған дейін омандықтарды 3:1 есебімен ұтып, испандықтармен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Енді «В» тобында 1-2 орын алған Бразилия мен Испания  құрамалары 1-8 орын үшін, ал 3-4 орынды бөліскен Қазақстан мен Оман 9-14 орын үшін таласуда. Онда қазақстандықтардың қарсыласы «Д» тобында 4-інші орын алған израильдіктер, ал бразилияялықтардың қарсыласы «Д» тобында екінші орын алған украиндықтар  болып отыр. Ақтық кездесулер ертең өтеді.