Бразилиадағы кеме апаты алты адамның өмірін қиды
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бразилиа қаласының Параноа аралында 23 мамырға қараған түні қыдыруға арналған теплоход суға батып кетті.
Апат салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды жергілікті құтқару қызметіне сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі.
Оқиға кезінде кеме ішінде 100-ге жуық адам болған. Құтқарушылардың мәліметі бойынша, 92 адам оқиғадан кейінгі бір сағат ішінде құтқарылды. Олардың үшеуіне медициналық көмек көрсетілді.
Құтқарушылар судан ең бірінші жеті айлық баланың денесін алып шыққан. Дүйсенбі және сейсенбі күндері тағы алты адамның мәйіті табылды. Үш адам бұрынғысынша із-түзсіз жоғалғандар қатарында есепте тұр. Құтқару операциясы жалғасуда.