Бразилия аспанында екі ұшақ соғысып қалды

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Бразилия аспанында екі кішкентай ұшақ соқтығысып қалды. Апат салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды РБК.

Бразилия аспанында екі ұшақ соғысып қалды

Хабарламада екі ұшақтың бетпе-бет соғысу оқиғасы Сан-Паоло шататындағы Санта Барбара Д'Эсте қаласының маңында болғандығы айтылады. Куәгерлердің айтуынша, қант құрағының үстімен ұшып келе жатқан қос ұшақ бетпе-бет соғысып, өртеніп кеткен.

Апаттың басқа мәліметтері берілмеген. Соқтығысу неден болғаны да белгісіз. Билік өкілдері оқиғаны тексеруде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас тағы бір оқиға мамыр айында Пәкстанда болған еді. Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Рашкай қаласының төбесінде елдің Әскери әуе күштерінің (ӘӘК) екі реактивті ұшағы жаттығу кезінде бір-бірімен соғысып қалып, апатқа ұшыраған болатын. Әуеапатының салдарынан тағы да 4 адам ажал құшқан. Ал оқиға елді мекеннің үстінде болғандықтан, ұшақтардың қалдығы тиген жердегі адамдар да жарақат алған еді.