13:26, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Бразилия билігі Кубадан 6 мың дәрігер жалдауды жоспарлап отыр
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бразилияның сыртқы істер министрі Антонио Патриота елдің Кубамен 6 мыңға жуық кубалық дәрігерді жалдау туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығын мәлім етті.

Олар Бразилияның шалғай аудандарына жіберілетін болады.
Елде медицина мамандарының дені ірі шаһарларда жұмыс істеуде, ал шағын қалаларда дәрігерлердің тапшылығы қатты сезіледі. Соңғы жылдар ішінде ондаған мың кубалық ақ халаттылар Венесуэлаға жол тартты. Бұл ел есесіне Еркіндік аралын құны арзан мұнаймен қамтамасыз етеді.